«Мен тіккім келеді» атты шеберлік – сыныбы
28 ақпанда кітапханада «Ұрпаққа өнеге орталығының» меңгерушісі Айман Кәкімқызы Сыздықова Павлодар қаласындағы №7 мектептің оқушыларына «Мен тіккім келеді» атты шеберлік - сыныбын өткізді. Қонақтар қазақтың дәстүрлі мәдениетімен танысты, ою-өрнек жасау, эко сөмке тігу, құрақ көрпе жасау және ұршықпен жіп иіруді үйренді. Кітапханашы «Тігу өнері» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасады.