Шеберлік сыныбы - «Тәтті фудкорт»
23 қаңтарда «Мое увлечение – моя профессия» әлеуметтік жобасы аясында «Сладкий фудкорт» шеберлік сыныбы өтті.
Қызмет көрсету және тамақтандыру колледжінің оқытушылары Г. Сарсембаева, А. Орлова, О. Кузякина және аға мастер А. Нұрғазинов мейрамхана және қонақүй бизнесі, мерекелік дастархан жайылуы, мастика бұйымдарының дизайны мәселелеріне тоқталып, тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетті. Шеберлік сыныбына Павлодар қаласындағы №11 мектептің оқушылары қатысты.