«Эко сөмке – өз қолыңызбен» шеберлік-сабағы
11 ақпанда облыстық кітапханада тігін ісінің шебері, «КӨРПЕ FEST 2020-2021» онлайн мегафестивалінің қатысушысы М.Макинамен шеберлік-сабағы өтті.
Марал Энгельсқызы әр қыз балаға қажетті эко-сөмкелер – шопперлерді тігу бойынша алғашқы шеберлік-сабағын өткізді. Сабақ барысында пішу және құрастыру тәсілдері, тігін материалдарын: былғары, күдері, мақта және т.б. қолдану, сондай-ақ жұмыс, оқу, саяхатқа арналған эко-сөмкелер жайында толық мағлұмат берді.
Іс-шараға Басқару колледжінің 1 курс студенттері қатысты.