Мемлекеттік көпшілік кітапханалардың директорлар Кеңесінің отырысы
26 қазан күні облыстық кітапханада Павлодар облысының мемлекеттік көпшілік кітапханаларының директорлар Кеңесінің отырысы өтті. Аталмыш шараға облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілі Ш.А. Мухамеджанова, ОКЖ басшылары, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың толықтыру және өңдеу, кітапханаларды дамыту бөлімдері қатысты.
Шара барысында кітапханаларды жаңғырту және коворкинг-орталықтарын құру мәселелері қарастырылып, облыстық кітапхана саласына ағымдағы жылдың 9 ай ішіндегі анализі берілді, сонымен қатар балалар кітапханасының қызметі, жағдайы мен даму болашағы туралы сөз қозғалды. Кітапханалардың өлкетану қорын сандық жүйеге көшіру, қорды жаңа әдебиеттермен толықтыру, кітапхана сайттарымен жұмыс жасау, мүмкіндігі шектеулі жандарға мәдениет нысанының қолжетімділігі, кітапхананың қызметі мен шекарасын кеңейту, сонымен қоса жұмыс барысында әлеуметтік желілерді белсенді қолдану мәселелері талқыланды.