Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері осыдан 31 жыл бұрын, 4 маусым күні бекітілген болатын. Содан бері аталмыш датаны барша қазақстандықтар айтулы мереке ретінде атап өтіп келеді.
Рәміздер - еркін елдің айқын келбеті! Көк Туымыз көгімізде желбіреп, Елтаңбамыз биігінен аласармай, Әнұранымыз мәңгілік шырқала берсін! Мереке құтты болсын, Қазақ елі!