«Менің сүйікті мамандығым» атты кәсіби сағат
20 ақпан күні облыстық кітапханада Павлодар қаласының №4, №2 жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби сағат өтті.
Павлодар Инновациялық Еуразия Университетінің «Өнеркәсіптік инжиниринг және дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Т.Д.Икамбаев ЖОО-дағы оқу шарттары, оқу орны ұсынатын жеңілдіктер, қосымша тегін білім беру, жұмысқа орналасу перспективалары, әскери кафедрадағы оқу мүмкіндіктері, халықаралық ынтымақтастық туралы ақпаратымен бөлісті. Оқушылар ойын тренингіне белсене қатысты. Кітапхана қызметкерлері «Қазақстан өнеркәсібі» тақырыбындағы бейнероликті және кітап көрмесін дайындады.