«Қазақстан – Ресей: кітапханалық диалог» Халықаралық онлайн кездесу
19 мамырда кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу; кітапханалардың жалпы тарихи жадысын сақтау және танымал ету бойынша бірлескен ресейлік-қазақстандық жобаларды іске асырудың оң өзара іс-қимыл тәжірибесімен алмасу, кітапханалардың кітап қорларын жинақтауға бюджеттен тыс қаражатты тарту, жастардың ақпараттық және техникалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Павлодар облысының кітапханалары, Ресей Федерациясы Новосібір облыстық, Омбы облыстық, Алтай өлкелік кітапханалары мамандарының қатысуымен «Қазақстан – Ресей: кітапханалық диалог» онлайн-кездесуі өтті.
Кездесу барысында Новосібір МОҒК, А.С. Пушкин атындағы Омбы МОҒК, В.Я. Шишков атындағы Алтай өлкелік ОӘҒК және С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК-ның жетекші мамандары кітапханалық қызмет көрсету мәселелері бойынша кәсіби мәселелердің кең ауқымын талқылады, кітапханалардың өзара іс-қимыл жолдарын анықтады, қызметтің негізгі стратегиялық бағыттарын әзірледі.
Қатысушылар қажетті сертификаттар ала отырып, кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру, ҚР және РФ жетекші кітапханаларында тағылымдамадан өту бағдарламаларына қатысу қажеттілігін атап өтті, пайдаланушыларға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді дамыту мәселелері мен перспективаларын кәсіби талқылау жақсы дәстүрге айналатынына және кезекті кездесу әріптес елдер кітапханаларының бірінде өтетініне сенім білдірді. Конференция жұмысына барлығы 100 кітапхана қызметкері қатысты.