Құқықтық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Беларусь елімен кәсіби байланысты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Беларусь Республикасының М.Засима атындағы Брест облысының Пружанск орталық аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Кітапхана: құқықтық қорғау және білім беру» атты онлайн семинарға қатысты.
Беларусь әріптестері кітапхананың халықтың құқықтық сауаттылығын дамытудағы рөлі, осы саладағы балалармен жұмыс істеу формалары мен әдістері туралы айтты. Өз кезегінде біз 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Өз құқығыңды біл» құқықтық лекторийдің жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибемізді ұсындық. 20 жылдан астам уақыт ішінде лекторийде жастарға құқықтық тәрбие беру, жас жігіттер мен қыздарға құқықтық және моральдық нормалардың талаптарын түсіндіре отырып, жүздеген дәрістер, кеңестер, құқықтық әңгімелер ұйымдастырылды.
Жоғары кәсіби деңгейде Беларусь пен Қазақстанның кітапхана мамандары өз тәжірибелерімен, балалар мен жастарды ақпараттандыру және құқықтық тәрбиелеу үдерісіндегі кітапхананың рөлі туралы пікірлерімен, осы бағыттағы ұсыныстары мен шығармашылық идеяларымен бөлісті.