«Ағылшын тілі деңгейін көтеру арқылы медиа сауаттылықты арттыру» жобасы
3 қыркүйекте «Ағылшын тілінің деңгейін көтеру арқылы медиа сауаттылықты арттыру» халықаралық жобасы аяқталды, оған Павлодар облысының ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.
Жобаға қатысушыларды KAZTEA президенті Татьяна Лентяйкина, Фулбрайт бағдарламасының көмекшісі Эмили Рен және АҚШ Елшілігінің үйлестірушісі Жанар Құлжаева қарсы алды. Кездесу қызықты әрі мазмұнды форматта өтті.