Халықаралық телекөпір: «Модельдік кітапхана: қандай болу керек?»
16 наурызда «Библиодружба» жобасының аясында («Шет елдердің кітапханаларымен кәсіби онлайн-кездесулер) Карелия Республикасының Ұлттық кітапханасымен «Модельдік кітапхана: қандай болу керек?» атты, жастар үшін инновациялық жобаларды іске асыру, заманауи кітапханаларды оқу және демалыс орталықтарына айналдыру тәжірибесімен алмасу мақсатында телекөпір өтті. Телекөпірге Павлодар облысы мен Карелия Республикасының 100-ге жуық кітапханашысы қатысты.
Павлодар тарапы Павлодар облысының ауылдық кітапханаларын заманауи коммуникация орталықтарына қайта форматтау тәжірибесімен бөлісті. Жастармен шығармашылық ынтымақтастық нысандарына, қарым-қатынастардың жаңа жүйесін қалыптастыруға және олардың жас пайдаланушылардың заманауи сұраныстарына қаншалықты жауап беретініне назар аударды.
Карелияның кітапхана мамандары «Мәдениет» Ұлттық жобасы аясындағы жаңа буын кітапханаларының жұмыс тәжірибесімен, З.Т.Дубинина атындағы Коткозер ауылдық модельдік кітапханасы мен жергілікті қоғамдастықтың әріптестігі мен өзара іс-қимылының жарқын сәттерімен, Кондопога қаласының балалар модельдік кітапханасындағы «Детское телевидение» жұмысының инновациялық түрімен, Карелия модельдік кітапханаларының өлкетану жұмыстарымен бөлісті.
«Библиодружба» жобасының аясында пайдаланушыларға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді дамыту мәселелері мен перспективаларын кәсіби тұрғыдан талқылау жалғасын табады.