Үлгілі ауыл кітапханасы: жаңа мүмкіндіктер
Әр кітапханада оқу залы, абонемент, қорды сақтау аймағы, медиа орталықтар және т.б. бөлімдер бар. Әр кітапхана өз кеңістігін қызметкерлерінің қиялына байланысты ұйымдастырады, кейде кітапхана кеңістігін тек функционалдылық тұрғысынан қарастырады. Бірақ қазір оны ұйымдастырудағы жетекші принциптер анықталуда, атап айтқанда, қордың ашықтығы, қол жетімділік, кітапхана кеңістігін пайдалану арқылы балаларды оқуға тарту мәселесі.
2022 жылғы 13 мамырда Павлодар ауданының Ольгинка ауылдық кітапханасында «Үлгілі ауыл кітапханасы: жаңа мүмкіндіктер» атты облыстық семинар өтті. Іс-шара Павлодар облысының әкімі Ә.Б. Сқақовтың «Бір қалалық және бір ауылдық кітапхана базасында кітапхана жұмысының жаңа форматын қолдану туралы» тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.
Павлодар ауданының Ольгинка ауылдық кітапханасының үлгісінде жаңа инновациялық ауылдық кітапхананың моделі айқындалды. Кітапхана Ольгинка ауылының ауылдық мәдениет үйінде орналасқан, ауданы 200,0 ш.м. кең үй-жайда орналасқан, ауылда 831 адам тұрады. Кітапхана жанында 2021 жылдан бастап коммуникация орталығы жұмыс істейді.
Іс-шараға Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ә.М. Аксакова, Павлодар ауданының спорт, тілдерді дамыту, мәдениет және ішкі саясат бөлімінің басшысы Н. О. Сагандыков, интерьер дизайнері Ш. Р. Шушаев, облыстың ОКЖ басшылары, өңірдің кітапхана мамандары қатысты, қазіргі заманғы кітапхана кеңістігін ұйымдастыру, гранттар, демеушілік көмек тарту арқылы кітапхананың кітап қорларын және техникалық жабдықтау мүмкіндіктерін бюджеттен тыс ресурстармен толықтыру мәселелерін қарастырды.
Әріптестер өз кітапханаларында кеңістікті ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, оқырмандар кітапханаға жиі келу үшін қандай ыңғайлы, қауіпсіз жағдайлар жасауға болады деген сұрақтарға жауап алды. Семинарға 27 адам қатысты.