«Мол өнім алу құпиялары»
13 мамыр күні облыстық кітапханада «Наш очаг» клубы мүшелерінің кездесуі өтті. Бағбаншылар көкөністердің төзімді көшеттерін отырғызудың және өсірудің тәжірибесімен алмасты. Картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат, суыққа төзімді жидектер мен гүлдер топыраққа және жылыжайға отырғызылып үлгерді. Владимир Дапко дайындалмаған топыраққа көкөністер отырғызу, минералды тыңайтқыштарды дұрыс емес пайдалану кезіндегі бағбаншылардың қателіктері туралы әңгімеледі. Ол көкөністердің көп өнімін алу үшін пайдаланылатын маңызды агротехникалық әдістер туралы егжей-тегжейлі айтты. Қонақтардың назарына «Көктемгі бақ пен бақша» атты әдебиеттерге тақырыптық шолуы ұсынылды.