«МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ–МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ» КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ САҒАТЫ

15 қаңтар күні «Менің болашақ кәсібім» жобасы аясындағы кәсіптік бағдар беру іс-шарасында №14, 35 мектеп оқушыларына Павлодар технологиялық колледжі мен Павлодар сервис және тамақтану колледжінің мамандықтары туралы әңгімеледі. Колледжде өндірістік оқыту шебері сусындар дайындау және үстелді безендіру, сондай-ақ қоғамдық тамақтану өндірісінде санитарлық нормаларды сақтау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Оқушыларға «Павлодар технологиялық колледжі», «Менің Түркиядағы тәжірибем», Кабельдік өндіріс», «Павлодар сервис және тамақтану колледжі» бейнероликтері көрсетілді. Кітапханашылар «Менің мамандығым–менің таңдауым» атты кітап көрмесін ұсынды.