«Біздің Мова-Калинова» музыкалық-тақырыптық кеш

2022 жылдың 10 қарашасында «Жеті жұрттың тілін біл» жобасы аясында Украин жазуы мен тілі күніне арналған «Біздің Мова-Калинова» атты музыкалық-тақырыптық кеш өтті. Шараға Тарас Шевченко атындағы украин этно-мәдени орталығының ұжымы қатысты.

Орталық төрағасы Михаил Сергеевич Парипса қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне және дарынды балаларға арналған №8 лицейдің оқушыларына украин тілі мен әдебиетінің тарихы мен дамуы, ұлы ақындардың лирикасы туралы әңгімелеп берді. Тарас Шевченко, Иван Франко және т.б.

Вокалды жастар тобының мүшелерінің орындалуында «Калынове Намысто» украиндық әсем әндер орындалды. София Головчук ана тілі туралы өлеңдерін оқыды.