МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР
14-23 наурыз аралығында өткізілетін НАУРЫЗНАМА онкүндігіне арналған іс-шаралар аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай 14 наурыз күні кітапханада «Дәстүр - trend» атты ұмытылған салт-дәстурлер фестивалі өткізілді.
Фестиваль барысында «Қамшы ілу», «Кимешек кигізу», «Бесік әкелу», «Немеурін», «Бастанғы», «Сәлемдеме» сынды ғұрыптары бойынша музыкалық-театрландырылған көріністер қойылды. Ондағы негізгі мақсат – халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен жөн-жоралғысын, наным-сенімін, халықтың рухани өзегін, төл мәдениетіміздің алтын арқауы – ұлттық ұстанымын насихаттау. Асыл қазынамызды қайта жаңғыртып, жалпы халықтық сипат алуына ден қою, жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы