Мәртебелі меймандар облыстық кітапханада
Елімізде өткен саяси науқан – сайлау кезінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада сайлау участогі жұмыс істеді. Шара барысында көршілес Ресей елінен келген тәуелсіз бақылаушылардан құрылған арнайы делегация сайлауды тамашалап, оң баға берді. Сонымен қатар Омбы облысының мәдениет министрі Юрий Трофимов бастаған делегация облыстық кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты. Тәуелсіз бақылаушыларға арналып экскурсия ұйымдастырылды. Мәртебелі меймандар кітапхананың абонементтік бөлімі, оқу залы, сирек кітаптар қоры мен цифрлау орталығы, ҚР Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының кеңсесін арлап көріп, жоғары баға берді. Кітапхананың заманауи құрал-жабдықтары мен оқырманға қызмет көрсету сапасына көңілі толған қонақтар көршілес мемлекеттегі қолданылатын өз тәжірибелерімен де бөлісіп, пікір алмасты.