ҰЛТТЫҚ РӘМІЗДЕР – БАЛА ЖҮРЕГІНДЕ!

С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Тарихымыздағы үш нышан белгісі» патриоттық сабағы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын айтумен бастау алды.  Содан соң балалар еліміздің мемлекеттік рәміздерінің – Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы туралы бейнефильмді тамашалады.

«Елдің басты рәміздері» атты кітап көрмесінде С.Трофимованың «Қазақстан Тәуелсіздігінің рәміздері», "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Туыңды көтер» кітаптары ұсынылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен Қазақстан тарихы бойынша ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып, «Құштар бала» викториналық ойынында бақ сынасты. Шара барысында балалар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының авторлары туралы кеңірек мәліметтер алды.