«Найзатас» журналының қызметкерлерімен кездесу «Оқитын жастар: нені оқу, кімді оқу?»
27 маусым журналистика күні қарсаңында балалар әдебиеті бөлімінде «Найзатас» журналының қызметкерлерімен және жас авторлармен «Оқитын жастар: нені оқу, кімді оқу?» атты кездесу өтті. Кітапхана қонағы ретінде аталған журналдың қызметкерлері Алтын Айтқалиева, Әйгерім Солтан, Айбек Оралқан және жас ақын Досжан Мұратбек болды.
Кездесу барысында жасөспірімдердің бүгінгі күні қандай кітаптарын таңдайтыны және неге таңдау оларға тоқтайды, кітап оқу сәнділік пе немесе қажеттілік пе, көбірек оқу керек, рухани байытатын кітаптарды оқу керек екендігі туралы айтылды. Балалар әдебиеті бөлімінің көптеген оқырмандары әдеби шығармашылықпен айналысады. Потапенко Ярослав пен Потапенко Артур өз өлеңдерін оқыды, ал Челакова София жиналған қауымға «Звезда Прииртышья» газетіне 100 жыл» ғылыми жобасын ұсынды. Кездесу жемісті өтті және іс-шара соңында балаларға журналист болу мақсатына жету жолдары және сапалы кітаптарды көбірек оқу туралы ұсыныс берілді.