«Наш Очаг» клубының отырысы: «Топырақтың құнарлылығы және қышқылдығы»
«Біздің үй» клубының қазан айындағы отырысына бағбандар көтеріңкі көңілмен келді: 2019 жылдың кезекті саяжай маусымы аяқталды , астық жиналды, қайта өңделіп қамбаға құйылды. Енді еркін демалып, өзара араласып, күнделікті қам-қарекет жайындағы әңгімелермен қатар келесі маусымға жоспар құруға болады. Бағбандар жаңалықтарымен бөлісті, жеке жетістіктері туралы айтты және өзінің бақша телімінде жеміс, көкөніс дақылдарын өсіру, күту құпияларымен де бөлісті. Қарт бағбан Зоя Николаевна Давыдова қатысушыларға топырақтың құнарлылығы, күз мезгілінде топырақ қабатын өңдеу мен оның қышқылдығын анықтау туралы айтып берді. Жеміс ағаштарын кесу тақырыбы мен кесіндіні дұрыс шамада мыстың күкірт қышқылды тұзымен немесе бақша қайнатпасымен өңдеу тақырыбына да тоқталып кетті.
Қонақтарға «Шөп дәрілерінің емдік қасиеттері» атты әңгіме-көрме дайындалды. Әрі қарай бағбандар отырысы шай үстінде жалғасты.