«Наши руки не для скуки» атты пазл-батл

29 наурыз күні Балалар әдебиеті бөлімінде №22 және 39 мектеп оқушыларының арасында «Наши руки не для скуки» атты пазл жинау бойынша турнир өтті, мақсаты – суретті кім бірінші болып жинайтынын анықтау.

Егер сіздің балаңыз компьютердің алдында көп уақыт өткізсе, оны пазл жинаумен қызықтыруға болатынын ұмытпаңыз! Пазл - бұл әр бала шешуге ұмтылатын жұмбақ. Пазл – барлық бөліктерді бір суретке жинауға бағытталған сынақ. Пазл құрастыру қызықты болуымен қатар, аса пайдалы болып табылады. Біріншіден, ұсақ моториканы дамытады, екіншіден, ойлау қабілеті мен логиканы дамытады, үшіншіден, балалардың ой – өрісін кеңейтеді.