"Нерожденный" атты жеке көрме
2022 жылдың 9 ақпанында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жас суретші Лейла Андерсонның "Нерожденный" атты жеке көрмесінің ашылуы өтті. Лейла Андерсон - тәуелсіз суретші, Павлодар көркемсурет колледжінің студенті. Бұрын Екібастұз қаласының Юнеско - ның БКМ клубында білім алған.
Бұл суретшінің соңғы екі жылдағы көркемдік тәжірибесінің әртүрлі кезеңдерін концептуалды түрде біріктіретін алғашқы жеке көрмесі. Экспозицияға әр түрлі жанрлар мен техникалардағы 25 сурет кірді. Олар мұнды экспрессионизмнен өнердегі медитацияға ауысуды көрсетеді. Суретшінің "Бірлік" және "Жаңа білім" секілді соңғы жұмыстары адамның ақыл-ойы мен жанын біріктіру кезінде "ағымда" болу күйін сипаттайды. Автордың айтуы бойынша, ол әр сәтте өмірлік процестер үшін негіз болатын шындықтың өзегін құрайды.
"Нерожденный" көркем көрмесінің дебюті көпшілік алдында өз жаныңды ашудың алғашқы қадамы болып табылды.
Көрме 2022 жылдың 20 ақпанына дейін қолжетімді болады.