Дәстүрлі емес діни ағымдар. Қаншалықты қауіпті?
28 қарашада облыстық кітапханада Павлодар жоғары Басқару колледжінің студенттері үшін «Дәстүрлі емес діни ағымдар. Қаншалықты қауіпті» тақырыбында құқықтық лекторийі өтті. Аталмыш дәрісті Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары Еркімбаева Индира Келімбетқызы мен Абитова Әсия Рамзанқызы белсенді әңгімелесу түрінде жүргізді. Дәріс барысында мамандар студенттерге діни секталардың түрлері туралы, оларға тән белгілері бар екенің, сектаға кіруден қалай сақтану туралы кеңестер берді. Жастардың құқықтық санасын тәрбиелеу мақсатында "Қазақстан – зайырлы мемлекет" атты әлеуметтік ролик көрсетілді. Дәріс Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.