«Невада-Семей» дөңгелек үстел
16 маусым күні облыстық кітапханада Zoom платформасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Невада-Семей» антиядролық қозғалыстың 30 жылдығына арналған «Невада-Семей» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға «Самал» оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі мен «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыс филиалының Павлодар облыстық бөлімшесінің төрайымы Багненко Зинаида Дмитриевна, эколог, құқық қорғаушы Павленко Юрий Федорович, Халықаралық Антиядролық Жастар Альянсы орталығының төрайымы Вязова Алина, орталықтың мүшесі Кравченко Максим қатысты. Қонақтар қозғалыстың құрылуы, тарихы жайлы айта отыра Халықаралық Антиядролық Жастар Альянсы орталығының мақсаты, міндеті және өткізіліп жатқан іс-шаралар жайлы бейнежазба ұсынды.
Іс-шараға сонымен қатар Жастар Бастамаларын Дамыту орталығының қызметкерлері мен жастары қатысты.