Жаңа көрме ашылды
Қараша айының 8-ші жұлдызында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жанынан ашылған «Айна» галереясында, келер ұрпаққа ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді дәріптеу мақсатында жерлесіміз қылқалам шебері Солтанбаев Ақертіс Зекебайұлының «Қылқалам ұшындағы табиғат» атты жеке сурет көрмесі ашылды. Көрмеге қылқалам шеберінің пейзаж, портрет, кескіндеме жанрларында салынған 20-дан астам туындысы қойылды. Сондай-ақ, өнер иесінің тума таланты бағаланып ҚР суретшілер одағы және Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы атынан алғыс хаттар табысталды. Көрмеге өңіріміздің талантты суретшілерімен қатар осы салада білім алып жатқан студенттер, өнерге құштар қала тұрғындары да қатысып, өз қызығушылықтарын танытты.