«Айна» галереясында жаңа есім
8 тамызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Омбы қаласындағы халық өнері жоғары мектебінің студенті Леоненко Степанның жеке жұмыстарының алғашқы көрмесі ашылды.
Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің түлегі, Степан көптеген облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың («Ақ бота», «Шексіз балалық шақ», т.б.) жеңімпазы және қатысушысы болып табылады.
Экспозицияда 40-қа жуық жас суретшінің жұмысы қойылған. Жұмыстар әртүрлі жанрларда (пейзаж, натюрморт, портрет, тұрмыстық) майлы бояумен жазылған. Шара барысында Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің педагогы Л.А. Кузнецова, Черноярка ауылдық округінің әкімі Е.Д. Тоқтағұлов, Павлодар ауданының славян этномәдени орталығының төрайымы Ж.В. Архипова, қала суретшілері, сыныптастары және кітапхана оқырмандары сөз сөйледі. Әнші Александр Кармазь және «Нұр-Інжу» би дуэті өздерінің музыкалық сыйлықтарымен көрермендерді қуантты.
Көрмені 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін тамашалауға болады.