Оқырман бенефисі
19 маусымда балалар әдебиеті бөлімінің оқырманы - Серякова Юлияның бенефисі өтті. Әр кітапханада басқалардан ерекшеленетін адам бар: оның оқу шеңбері кең және әр түрлі, ол кітапхананы пайдалану ережелерін бұзбай, кітапханаға үнемі келеді. Бұл адам - қызықты әңгімелесуші, ерекше ойлау қабілеті бар, ол - кітапханалық мерекелер мен конкурстардың белсенді қатысушысы. Серякова Юлия, №39 ЖОМ 11 сынып оқушысы- бұл ерекше және шығармашылық тұлға. Ол бенефиске арналған оқырман формулярларын талдау нәтижелері бойынша таңдалды, оған №11 және 13 мектептің жазғы мектеп жанындағы лагерь балалары мен кітапхана оқырмандары келді. Юля өзінің хоббиі мен әуестіктері, оқырман жорықтары, сүйікті кітаптары туралы айтты. Ол өз құрдастарына оқуға кеңес берген, оқыған кітаптар туралы өз әсерлерімен бөлісіп, өзінің шығармашылық тапсырмасын ұсынды. Іс-шараның мақсаты-бір баланың мысалында балаларды көркем және танымдық әдебиеттерді оқу қажеттігіне көз жеткізу. Бенефициантты және бір – бірін тыңдай отырып, балалар оқырман болу нені білдіреді деген қорытынды жасады.