О, Маралдым, Маралдым...

Бүгін Маралды көлінің 40-тан астам таңғажайып пейзажы фотограф Александр Шевцовтың дебюттік көрмесінде ұсынылды! Көл мифтерге, тарихи аңыздарға және көркем пейзаждарға толы, ол туралы біздің танымал жерлесіміз М. Әлімбаев өлең жазды. Оның әйгілі "Маралдым" әні "Шаңырақ" халық шығармашылығы орталығының әртісі Айдын Серікұлының орындауында шырқалды. Киелі көлде палеолит дәуіріндегі тас құралдарының табылуы туралы аймақтың бас археологы В.К. Мерц айтты. Ал әйгілі суретші Галина Беспалова көрменің авторы түсірген табиғаттың бірегейлігі мен нәзіктігіне назар аударды. Көрмеде болған біздің оқырмандар таныс көлге енді жаңа көзқараспен, ұқыпты қарайды деп үміттенеміз.

Көрмеге 14 қаңтарға дейін баруға болады.