«Ауылдық кітапхана – әлеуметтік-мәдени орталық» «Кітап және қаламгер» облыстық жобасы
23 қараша күні Май ауданының орталық аудандық кітапханасында «Кітап және қаламгер» жобасы аясында ақын-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының лауреаты Алпысбай Хонжбен әдеби кездесу өтті. Кездесуге оқушылар, жастар, әдебиет сүйер қауым, Май ауданының кітапхана мамандары қатысты. Әдетте, сатиралық шығармалар – бұл адамның жаман әрекеттері мен жаман қылықтарын мазақ ететін шығармалар. Автор мен оқырмандар арасында мазмұнды диалог құрылды, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті, сатира сүйер қауым өз пікірлерін білдірді. Жазушылар және ақындармен осындай шығармашылық кездесулер өскелең ұрпақты өз пікірін білдіруге, әдебиетке деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ моральдық-адамгершілік тәрбиеге ықпал етуге үйретеді.
Облыс кітапханаларын жаңғыртудың және кітапхана үрдістерін цифрландырудың осы кезеңінде Павлодар облысының кітапхана қорындағы кітаптардың бірыңғай электрондық каталогы – «SMART-кітапхана» АКАЖ бағдарламасы енгізілуде. Әзірлеуші тараптың өкілдері – «ТЕХНОSTYLE» ЖШС кітапхананың кітап қорының ДБ-на енгізу бойынша таныстыру курсын өткізді, жолдарды толтыру, статистиканы жүргізу бойынша қателерді атап өтті, әрі қарайғы жұмыстың дұрыс бағытын түзеді.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың өлкетану библиографиясы және цифрлық технологиялар бөлімінің библиографы ауылдық кітапханашыларға құжаттарды библиографиялық сипаттау бойынша практикум өткізді. Кітапхананың есеп құжаттарын жүргізу бойынша нұсқаулықпен қорларды қалыптастыру бөлімінің және абонемент бөлімінің мамандары таныстырды. Кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы жылдық есепті дайындау бойынша әдістемелік кеңес ұйымдастырды.