Облыстық кітапхана мамандарының өндірістік оқуы

6 желтоқсан күні облыстық кітапхана мамандары арасында Қарағанды облысы кітапханаларының: Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы, Агрогородок ауылының модельдік кітапханасы, Шахтинск қаласындағы Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасы, Агрогородок ауылының модельдік кітапханаларының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында іс-сапар қорытындысы бойынша өндірістік оқу өткізілді.

1930-1959 жылдардағы ең ірі еңбекпен түзету лагерлерінің бірі, ішкі істер халық комиссариатының бұрынғы Қарағанды еңбекпен түзету лагеріне экскурсия ұйымдастырылды. Кітапханашылар жаңа форматта жұмыс істеуге және кітап оқуды насихаттауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдану тәжірибесі туралы, оқырмандармен жұмыс жасаудың жаңа түрлері туралы баяндады, өзекті мәселелер, халықтың назарын аударатын іс-шаралар түрлері, түрлі акциялар, көше мерекелері талқыланды. Бүгінгі таңда Шахтинск қаласының ОКЖ кітапханалары арасында ұйымдастырылған газет пен журналдардағы мақалалардың библиографиялық жазбаларының корпоративтік тізімі өте өзекті болып саналады. Іс-сапардың қорытындысын талдай отырып, мамандардың, әріптестердің шығармашылық кездесулері қажет және де нәтижелі деп сеніммен айтуға болады.
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру үшін кадрларды қарқынды даярлау» семинар-тренингінің қорытындысы бойынша сөз сөйлеуде әлеуметтік желілерде жұмысты тиімді құруға мүмкіндік беретін SSM – social media marketing и Storytellig-тің негізгі ережелері баяндалды.