«Образовательная коллаборация библиотек Содружества»
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың автоматтандыру бөлімінің басшысы Айнель Мырзагалиева халықаралық «Новое поколение» (Россотрудничество) бағдарламасының қатысушысы атанды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Ресей Федерациясының шетел мемлекеттерімен қоғамдық, іскерлік және ғылыми байланыстарын нығайту, бұл ортақ жобаларды іске асыру, тікелей байланыстар құру және шетелдің жас азаттарының арасында жеке қарым-қатынас механизмдерін құру арқылы жүзеге асады.
Бағдарлама аясында 15-19 қараша аралығында Мәскеу қаласында «Образовательная коллаборация библиотек Содружества» жобасы шеңберінде жас кітапхана мамандарының оқытуы өтті. Шараға Қазақстан, Абхазия, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Луганск Халық Республикасы және Донецк Халық Республикасының өкілдері қатысты.
Жоба ұйымдастырушылары – Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК) және Россотрудничество.
Оқыту бағдарламасында: «Коммуникационный менеджмент: психология управления» (п.ғ.д., профессор В.Садовская), «Цифровая среда и библиотека», «Инновация в библиотеке: деловая игра, мозговой штурм» (п.ғ.к. Е.Гусева) тақырыптары бойынша тәжірибелік сабақтар, сондай-ақ Ресей мемлекеттік кітапханасы, Ресей мемлекеттік жастар кітапханасы, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы, Пашков үйі, Третьяков галереясы және басқа мәдени орындар бойынша экскурсиялар.
Оқыту нәтижесі бойынша А.Мырзагалиева сертификаттармен марапатталды.
Облыстық кітапхана осы жобаға қатысу мүмкіндігі, оқыту және ТМД елдерінен келген әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.