«Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт»
30 қазанда «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт - Измени свое сознание – изменится твоя жизнь - Change your thoughts – change your life» атты мотивациялық кітап көрмесінің ашылуы өтті.
Бұл көрме өң бойына күш-қуат жинап, шабыттанғысы келген жандарға арналған. Әрбір кітап – бұл үміт пен шексіз мүмкіндіктерді ашатын, кеңестер мен оларды қолданудың қайнар көзі. Мұндай бойды рухтандырып шабыт беретін еңбектер қуаттандырып, ой-өрісті кеңейтеді, сонымен қатар өмірге деген көзқарасты да өзгертуі мүмкін. Бұл еңбектердің мыңдаған жандарға көмегі тиген және біздің кітапхананың төрінен құрметті орынға лайық. Көрме бірнеше топтамадан құралды: «Ойлан да байы», «Ұлы ойлар», «Өзіңді жаса», «Бюджетсіз стартап», «Табысты бала».
Көрмені Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Е.Н. Дәуенов ашты.
Спикерлер кітаптарды үш тілде таныстырды. Көрмеге кітаптың көмегімен өз өмірлерін жақсы жаққа қарай өзгерткен табысты қонақтар қатысты. «Асыл Ана» қоғамдық қорының төрағасы, Ә. Құсайынов, «Қазақ аруы – 2019», С.Темірханова, «Ландшафт дизаин» ЖШС, «Үздік кәсіпкер – 2015 ж.», А.Чашин, танымал фотограф, О. Пукас, бизнесмен, Е. Әбдірайымов, ерікті, ИнЕУ оқутышысының ассистенті Дэнг Дуонг өзін-өзі жетілдіру жолында дұрыс кітаптарды таңдай білудегі өз кеңестері мен ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, өмірде өздеріне көмек берген, шабыттандырған кітаптарымен бөлісті.