Оқшаулану күндері қайта оралды!
Әрбір карантиндік күнді жоспарлап, пайдалы өткізуге тырысыңыз. Сізге дене жаттығулары және күнделікті жасалатын әрекеттер, мәселен күн тәртібін сақтану, белгілі уақытта тамақтану, басқа адамдармен қарым-қатынаста болу, КІТАП ОҚУ және сол сияқты басқа да әрекеттерді іске асыру аса қажет екенін ескеріңіз.
Күн сайын жақындарыңызбен және достарыңызбен байланыста болыңыз. Әлеуметтік желілер басты көмекші құралыңызға айналады. Дыбыстық хабарламалар мен видео қоңыраулар – уақыт талабына сай «бетпе бет қарым-қатынастың» амалы. Карантин кезінде басқа адамдармен байланыс үзбеу маңызды. Күн сайын қызықты әрі пайдалы ақпаратпен бөлісуді жалғастырыңыз. Мәселен, әлемге танымал жазушылардың туындыларын оқуға ұсынсаңыз болады.
Облыстық кітапхана қызметкерлері назарларыңызға бас кейіпкерлері пандемиямен күресіп, карантиндік кезеңде өмір сүріп жатқан кітаптар топтамасын ұсынады.
Әлеуметтік желілердегі парақшалардан көз жазбаңыз!