«Оқу аймағы/Территория чтения» желілік акциясы
2019 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың абонементтік қамтамасыз ету бөлімінің бастамасымен «Оқу аймағы/Территория чтения» атты желілік акцияның нәтижелерімен таныстырамыз.
Акцияның негізгі мақсаты – қоғам арасында оқу туралы оң пікір қалыптастыру, қоғамдық ұйымдарды, зиялы қауым өкілдерін, мәдениет және білім беру мекемелерін кітап оқуда бір арнаға тоғысуы, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Осы уақытқа дейін қатысушылардың өздері оқуға ұсыныс жасаған кітаптары мен шығармалары насихатталған бейнекөріністері облыстық кітапхананың Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған болатын.
Белгіленген ережеге сәйкес акция қорытындысын шығару кезінде келесі көрсеткіштер ескерілді: «Ұнайды» белгісі (лайктар) санын көп жинаған қатысушы «Жыл оқырманы» номинациясын, қаралымдар саны көп қатысушы «Оқу көшбасшысы» номинациясы иеленуі тиіс болатын.
Бүгін, 2020 ж. 23 сәуірде - Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аясында жеңімпаздары анықталды.
Нәтижесінде: «Жыл оқырманы» номинациясын - Александр Вервекин; «Оқу көшбасшысы» номинациясын - Айбек Оралхан жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау кітапханада карантиннен кейін өтеді.