ОКЖ басшыларының жиналысы
2019 жылдың 8 қазанында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтік іс Басқармасының басшысы мен ОКЖ әдіскерлерінің қатысуымен басшылар жиналысы өтті.
Е.Н. Дауенов аудандық және ауыл кітапханаларының өкілдерін 2019-2020 жылдарына арналған кітапхананы дамыту бойынша мәдениет, тілдерді дамыту және архивтік іс Басқармасының ұсынымдарымен таныстырды.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың іс жүзіндегі және жаңа жобалары туралы хабарламаны кітапхана басшысының орынбасары Б.Б. Байжанова дайындады.
Железин ОКЖ басшысы М.Н. Адамова аудандағы қызықты іс-шаралар мен креативті жобалар туралы айтып шықты.
Қоңырөзек ауыл кітапханашысы Б.Т. Орумбаева ауыл кітапханасы, мәдениет ошағындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.