"Өлкетану - өте қызық!" онлайн-викторинасы
"Өлкетану - өте қызық!" онлайн-викторинасында облыстық кітапхананың оқырмандары Павлодар өңірінің тарихын, өнері мен әдебиетін қаншалықты жақсы білетіндігін тексеруге мүмкіндік алды. Викторинаға қатысу үшін сілтеме бойынша өтіп, үш нұсқаның бірін таңдап, ұсынылған сұрақтарға жауап беру қажет болды. Викторинаға барлығы 30 адам қатысты. Қатысушылардың орташа жасы 35. Facebook әлеуметтік желісіндегі кітапхананың ресми парақшасында дұрыс жауап нұсқалары жарияланды. Әрбір қатысушы әлеуметтік желі арқылы сұрақтарға қаншалықты дұрыс жауап бергенін тексере алады.