Өлкетану тақырыбындағы отырыс
Бүгін Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өлкетану тақырыбында отырыс өтті. Туған жеріміздің тарихына, тағдырына жаны ашитын азаматтары көкейінде тұрған мәселелерімен бөлісті, өңіріміздің терең де бай тарихын зерттеудегі қиыншылықтарын, бұл жұмысты жүйеге келтіру мәселесін қозғады. Келген әр азамат өз пікірін айтып, жалпы бір шешімге келді.