«Ұлттық ресурстарды Әмбебап ондық жіктеу кестесімен индекстеу және жүйелеу» онлайн-конференциясы
17 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы (Алматы қ.) және С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Каталогизатор мектебі» аясында «Ұлттық ресурстарды Әмбебап ондық жіктеу кестесімен индекстеу және жүйелеу» (ӘОК) тақырыбы бойынша онлайн - конференция өтті.
Онлайн-конференцияға ҚР ҰК Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері, аудандық және қалалық ОКЖ кітапханашылары қатысты, барлығы 177 адам.
ҚРҰК Ақпараттық ресурстар қызметінің мамандары Ұлттық ресурстарды әмбебап ондық жіктеу кестесімен индекстеу және жүйелеу (УДК) жайлы айтылып, кітап қорын және каталогтарды әмбебап ондық жүйеге көшіру барысында әдістемелік ұсыныстар берілді.