Жеке бренд, PR және маркетинг тақырыбындағы open talk
"Business community" жастар білім беру жобасы өз қызметін жалғастыруда. Жеке бренд, PR және маркетинг тақырыбында open talk форматындағы кезекті іс-шараны жас кәсіпкер, Павлодардағы ең ірі фотостудиялар иесі Мәди Жетібай өткізді.
Жеке бренд дегеніміз не? Бұл жоғары чекке қалай әсер етеді? Қалай өз салаңыздың керемет маманы болуға болады? Неліктен жақсы беделге ие болу маңызды және өз ісіңізді таңдағанда не нәрсеге назар аудару керек? Спорт сіздің жұмысыңыздағы сәттілікпен қалай байланысты? Бұл туралы және тағы басқа ойлармен спикер аудиториямен бөлісті, жастар аудиториясының көптеген сұрақтарына жауап берді. Бүгінгі іс-шараға колледж студенттері мен қаланың жұмыс істейтін жастары қатысты.