Желідегі қауіпсіздік негіздері
50-ден астам жастар бүгінгі таңда өте қажет «Блог=пресса. Законы поведения в соцсетях: плюсы, минусы, подводные камни» атты шеберлік сыныпқа қатысты. Оны журналист, Павлодар облыстық «Наша жизнь» қоғамдық-саяси апталығының фототілшісі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі – Ирина Алексеевна Ковалева өткізді. Балаларға заң тұрғысынан сауатты, әлеуметтік желілердегі бұзушылықтар туралы, сені арандатқан кезде өзін қалай ұстау керектігі, келісімсіз хат-хабар немесе фото қою, әртүрлі адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі, жеке парақша мен блогтың айырмашылығы туралы түсіндірді. Көптеген сұрақтарға нақты сауатты жауаптар берілді, айтылғанның көбі балалар үшін күтпеген ақпарат болды. Жасөспірімдердің қатысуымен әртүрлі жағдайлар белгілі мысалдармен талданды.
Мұндай шеберлік сынып жас аудиторияға ғана емес, барлық әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға да пайдалы болады!