«Остап Бендер Торайғыровта»
Шахмат ойындарын ұнататындар үшін, «Шахмат үйінің» жас шахматшысы, бірнеше дүркін жеңімпаз және өз жасына қарай облыстық чемпион, бірінші категориялы - Степан Луцик бір мезгілде шахмат сеансын 12 үстелде жүргізді. Бұл ойынға №11 мектептің шахмат үйірмесінің оқушылары, зейнеткерлер және кітапхана қонақтары қатысты. Ойында жеңіске жеткендер марапатталды.