«Отбасы шаңырағы» командалық ойын сайысы
15 мамырда біз керемет мереке - Халықаралық Отбасы күнін атап өтеміз. Отбасы-әрбір жан үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе. Отбасы дегенеміз ол - біз жақсы көретін, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін жақын және қымбат адамдар.
Аталған мереке аясында С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Отбасы шаңырағы» командалық ойын байқауы өтті. Команда мүшелеріне жүгіру, секіру, доп және түйреуіш эстафеталары бар қызықты жарыстар ұсынылды, онда олар өздерінің спорттық, ақыл-ой қабілеттері мен дағдыларын, сонымен қатар, жылдамдық, ептілік, командада жұмыс істей білу қабілеттерін де көрсете алды. Ойын конкурсына қатыса отырып, балалар өздерін үлкен спорттық біртұтас отбасы сияқты сезіне алды!