«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы
25 ақпан күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті тікелей эфирін ұйымдастырды. Эфирде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы, аяулы ана, келіндердің ақылшысы Исатаева Қадиша апамыз және кезекті отырыстың ерекшелігіне айналған егіз қыздар Абдығалимова Айман мен Шолпан. Қазіргі уақытта екеуі екі отбасының келіні атанып, бақытты отбасын құрып отыр. Қадиша апамыз Шолпан келіні арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді және Айман өзінің отбасындағы ұстанатын салт- дәстүрге, әдеп-ғұрыптарға тоқталып, өз ойларымен бөлісті.