«Отбасы ұйытқысы - ене мен келін» жобасы

25 наурыз күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті тікелей эфирі өтті. Эфирде қонақта болған Май ауданы, Малайсары ауылынан 2018 жылы Павлодар облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы  атанған Казангаповтар отбасы.  Аяулы ана, отбасы ұйытқысы, қамқор ене Казангапова Сара апа мен инабатты келіні Койлыбаева Ардақ. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.