«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы
Ақпанның 4 күні облыстық кітапханада отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті тікелей эфирі өтті. Эфирде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы болып отырған ене «Нұр – Ана әлемі» әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшесі Кашенова Бақтыбала мен «Мейірім» келіндер клубының мүшесі инабатты келін Жанкаринова Айман Еркінқызы. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.