«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы
24 қыркүйек күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті бесінші тікелей эфирі өтті. Эфирде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы болып отырған қамқор ене Тиыштықбаева Сәуле Бағдаулетқызы мен оның тәрбиелі келіні Айман Молдақашева. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.