«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы
Облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған ой бөлісу форматындағы тікелей эфир ұйымдастырды. «Айтолқын» әйелдер лекторий шеңберінде «Отбасы ұйытқысы- ене мен келін» жобасы жүзеге асырылуда. Бірінші кездесу «Ене мен келін арасын көркемдейтін кеңестер» тақырыбында болды. Тікелей эфирде қонақта болған тату-тәтті отбасының ұйытқысы болып отырған ене Аяшева Құндыз ханым мен оның инабатты келіні Аяшева Айнұр. Олар оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісті.