«Отбасы ұйытқысы-ене мен келін» жобасы
29 сәуір күні облыстық кітапхана отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, ене мен келін сыйластығын нығайтуға арналған жобаның кезекті тікелей эфирі өтті. «Ене мен келін» жобасына қатысушы Павлодар қаласынан Кантарбаева Тұрсын Төкенқызы мен келіні Кантарбаева Нұргүл Балғабайқызы. Олар ене мен келін арасындағы татулықтың сырымен бөлісе отырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді.