Жас суретшілердің жаңа көрмесі ашылды

Жыл сайын ақпан айында Павлодар көркемсурет колледжі студенттері жұмыстарының есеп беру көрмесін ашу игі дәстүрге айналған. 8 ақпанда «Айна» галереясында колледж Қ.И. Сәтбаевтың 125-жылдығына арналған «Қазақ елінің жер қойнауынан» атты сурет көрмесіне жаңа жұмыстарын ұсынды. Бұл облыстық кітапханадағы студенттердің алғашқы көрмесі емес. Колледж студенттері «Айна» галереясында бірнеше рет жеке көрмелерін де ашты.

Экспозицияға кескіндеме, сурет, арнайы сурет, арнайы технологиялар, графикалық дизайндағы жобалау, интерьер дизайнындағы жобалау бойынша 60-тан астам үздік жұмыстар ұсынылды. Оқушылар мен ата-аналар ұстаздарға жоғары кәсіби шеберлігі мен ұстаздық таланты үшін, ал кітапханаға өз ойын білдіруге және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.