Павлодар көркемсурет колледжінің есеп беру көрмесі
28 ақпан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында Павлодар көркемсурет колледжінің есеп беру көрмесінің ашылуы өтті.
25 жыл ішінде Павлодар көркемсурет колледжі 600-ден астам жоғары білікті интерьер, графикалық дизайн, өнеркәсіптік дизайн мамандарын дайындады. Колледж студенттері қалалық, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері.
Экспозицияда кескіндеме, сурет, арнайы сурет; арнайы технологиялар; графикалық дизайндағы жобалау; интерьер дизайнындағы жобалау бойынша үздік жұмыстар ұсынылды.
ПХК директоры Солдатова Татьяна Владимировна, оқытушы Асылғазина Зура Мейрамовна және колледж студенті Рафиков Ратмир құттықтау сөз сөйледі. Құрметті қонақ ретінде танымал суретші Галина Беспалова болды. Ол студенттерді есеп беру көрмесімен құттықтап, үлкен шығармашылық табыс тіледі.
Көрме 2022 жылдың 14 наурызына дейін жұмыс істейді.