«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ: ТАРИХ, ТҰЛҒА, ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ АШЫЛУЫ

3 тамыз күні сағат 10.00-де Естай атындағы мәдениет сарайында Қазақстанның көрнекті ғалымдары, тіл мамандары, әдебиет сыншыларының қатысуымен «Ұлы дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды. Сағат 14.00–де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана базасында «Сұлтанмахмұт мұрасы – егемен елдіктің рухы» атты секциясы жұмыс жасады.

 Секция жұмысына ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы (Астана қ.), Қазақстанның облыстық кітапханалары, Павлодар облысының аудандық кітапханаларының мамандары мен басшылары қатысты. Павлодар қаласының жоо ғалымдары – филология ғылымдарының кандидаты С.Т.Елікбаев және педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Н.Старченко Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына басты назарын аударды. Облыстық кітапхана жобалары, онлайн-кітапхана, өлкетану ақпараттық ресурстары мен коворкинг-орталықтары жөнінде кітапхана басшысы, бөлім меңгерушілері баяндама жасады. 
Сонымен қатар, қонақтар көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасына барды, Павлодар қаласының көрікті жерлерін экскурсия жетекшісі, гид Виталий Кожокармен тамашалады. Кешке таман қонақтарды «Ертіс promenade» амфитеатрында дәстүрлі ән фестивалі күтеді.